Медиация күні

Медиация күні

2021 жылғы 10 тамызда медиация және құқықтық орталық «ULAN» қоғамдық бірлестігі Ұлан ауданының әкімдігімен бірлесіп медиаторларды бірыңғай республикалық Медиация күнімен құттықтады. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қуат Барысұлы Оқасов, ауданның кәсіби медиаторы Төлетай Замамбекқызы Танекенова және ауданның медиаторлары қатысты.

Ауданда 9 кәсіби, 22 кәсіби емес және 102 мектеп медиаторлары жұмыс істейді. "Алғашқы" медиаторлар 2013 жылдан бастап жұмыс істейді, Манарбек Шәріпұлы Агламбековке, Нина Яковлевна Савельеваға, Павел Иванович Гречухинге, Алимхан Оразаевқа, Александр Егорович Гапченкоға, Людмила Ивановна Михееваға  және басқаларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Белсенді медиаторларға аудан әкімінің алғыс хаттары, медиация орталығы басшысының құттықтау хаттары және аудандық ардагерлер Кеңесі Төрағасының ақшалай сыйлығы табысталды. Барлығы ON-line режимінде  өтті.

Ішкі саясат бөлімі