«Жомарт жүрек» конкурсы

«Жомарт жүрек» конкурсы

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республика көлемінде «Жомарт жүрек» конкурсы ұйымдастырылады.

Конкурстың мақсаты: "Жомарт жүрек" қайырымдылық саласындағы сыйлығы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Қазақстанда қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан Қайырымдылық жасаушыларды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамдық назар аудару мақсатында тағайындалған. Аталған бағдарлама шеңберінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтарды, заңды тұлғаларды салтанатты түрде марапаттау.

Олар:

  1. «Жыл тұлғасы» - белсенді филантропиялық қызметі үшін. Лауреаттар тек жеке тұлғалар бола алады;
  2. «Жыл меценаты» - белсенді меценаттық қызметі үшін. Сыйлық лауреаттары жеке тұлғалар ғана бола алады;
  3. «Туған өлке» - кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін. Жеке және заңды тұлғалар лауреаттар бола алады;
  4. «Жылдың үздік ұйымы» - қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін. Жеке мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, акционерлік қоғамның, Қордың, қауымдастық (одақ) нысандағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар-заңды тұлғалар ғана лауреаттар бола алады.
  5. «Жылдың үздік қамқоршысы» - әлеуметтік маңызы бар елеулі өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі үшін, қайырымдылық көмегі үшін. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ғана лауреат бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі:

Жеке тұлғалар үшін:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Қатысушының фото суреті (3 х 4 JPEG форматы);
  3. Қатысушының өмірбаяны;
  4. Жеке бас куәлігінің көшірмесі;
  5. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттері туралы ақпарат;
  6. Әлеуметтік маңызды іс-әрекеттерін растайтын құжаттар көшірмелері (алғыс хаттар, БАҚ материалдар, нысандар фотосуреті, басқа да материалдар)

Заңды тұлғалар үшін:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  3. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттері туралы ақпарат;
  4. Әлеуметтік маңызды іс-әрекеттерін растайтын құжаттар көшірмелері (алғыс хаттар, БАҚ материалдар, нысандар фотосуреті, басқа да материалдар)

Марапаттау 3 кезеңде өтеді: аудандық кезең 2021 жылдың 1-шілдесінен 15- тамызға дейін. Облыстық және республикалық кезеңдер.

Конкурстың өтетін мерзімі, уақыты: 14 тамыз 2021 жыл.

Өтетін жері: Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, аудандық Мәдениет үйі

Қатысушылардың құжаттары электронды түрде 2018 жылдың 13 тамызына дейін қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша: 8/723-38/ 28-049, 27-955 телефондары арқылы хабарласып білуге болады.

 Ұйымдастырушылар: «Ішкі саясат бөлімі» ММ, «Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» ММ.