
2021 жылдың басынан Шығыс Қазақстан облысының аумағына 33 адамның суға кету оқиғалары тіркелді. Статистикалық мәліметтер судағы оқыс оқиғалар көбінесе адамдардың өздерінің кінәларынан болатындығын, яғни өзіне деген артық сенімділік, өзінің күшін артық бағалау, судағы қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлмеу, суға түсуге тиым салынған және таныс емес орындарда суға түсуден, суға алкогольдік ішімдіктер ішіп түсуден орын алатындығын көрсетіп отыр.
Құрметті ауданының қонақтары мен тұрғындары, Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағында орналасқан су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен адам өлімінің алдын-алу мақсатында Сіздерден суға түсу кезінде төмендегідей қарапайым ережелерді сақтауларыңызды сұрайды:
6) Суға мас күйде түспеңіз. Есіңізде болсын: мас күйде суға түсу қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздердің жазғы демалыстарыңыз оқыс оқиғаларсыз өту үшін Сіздерден суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.
Ұлан ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Жанузаков Е.Т.