Судағы қауіпсіздік ережелері!

Судағы қауіпсіздік ережелері!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  су айдындарында шомылу маусымында 28 қайғылы оқиғалар тіркелді, оның 7-уі балалар.  Барлық жағдайлар жабдықталмаған жағажайларда болды, ол жерлерде шомылуға рұқсат берілмеген және құтқарушылар кезекшілік етпейді.                 

Қайғылы оқиға Ұлан ауданы аумағында 2021 жылы 19 шілдеде Төменгі Тайынты ауылында 2006 жылы туған    жасөспірім суға  шомылуға жабдықталмаған  жерде суға батып кетті.

Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ауданымыздың  тұрғындары мен қонақтарына мынаны ескертеді:

- демалыста өзіңізге және жақындарыңызға өте мұқият болыңыз және суда жүру ережелерін сақтаңыз:

- жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз,

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- мас күйінде шомылмаңыз.

- белгісіз жерде суға секіру немесе сүңгу қауіпті;

- суда дөрекі ойындарға жол бермеңіз. Шомылу кезінде шошытуға,  көмек туралы жалған сигнал беруге және т. б. болмайды.

- ауа төсеніштерінде және үрленетін ойыншықтарда өте мұқият жүзіңіз, оларды жел немесе ағыс  жағадан алыс алып, толқынмен басып кетуі мүмкін.

- жалғыз және қараңғы уақытта шомылмаңыз.       
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.

Ұлан ауданының ТЖБ