Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс ІХІ сессиясы

Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс ІХІ сессиясы

2021 жылғы  28 шілде күні  сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс  ІХ сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

Күн тәртібінің бірінші сұрағы, Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 439 «2021-2023 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Б. Ақпанова таныстырды.

Күн тәртібінің басқа сұрақтарымен, «Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 203 «Аудандық бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.»;

«Ұлан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 22 «Арнайы комиссия құрамын бекіту  туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;

«Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 182 «Әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттары бойынша аудандық арнайы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихат хатшысы Г. Калиева таныстырды.

 Сұрақ  шешімдерінің жобасын депутаттар  бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс сессияға 8  депутат қатыстып, ол  67  пайызды  құрады.

Сессия жұмысына аудан әкімі Р.Т. Құрмамбаев, аудан әкімнің орынбасары Л.К. Кенжетаева, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Ұлан аудандық мәслихаты