Құрметті облыс тұрғындары!

Құрметті облыс тұрғындары!

Коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдықтың өсуі республика аумағында «дельта» штамының пайда болуымен, сондай-ақ халықтың карантиндік шараларды сақтау жауапкершілігінің төмендеуімен байланысты.

Өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап Шығыс Қазақстан облысы тұрақты түрде «жасыл» аймақта. Облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің соңғы шыққан қаулысында облыс аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап 15 шілдені қоса алғанға дейін ұзартылды.

Қазіргі уақытта шектеу шараларынан тез құтылудың ең ұтымды жолы – коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алу.

ВАКЦИНАЦИЯ

2021 жылғы 1 шілде күні ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №30 және 31 қаулылары шықты. Жаңа қабылданған құжаттарға сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) келесі нысандардың жұмыскерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуге шектеу енгізіледі:

халыққа қызмет көрсету жөніндегі нысандар (Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), «Қазпошта», екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательелері, фотосалондар, аяқкиім, киім, ұйымдастыру техникасын жөндеу сервис орталықтары, гүл дүкендері, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілер, өзге де объектілер);

өнімдерді және халық тұтынатын тауарларды көтерме және бөлшек сауда (сақтау) нысандары (базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер);

мәдениет және демалыс нысандары (мұражай, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақүй, отель, жатақхана, кемпинг және басқалар);

жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар (әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері);

білім беру және тәрбиелеу ұйымдары (білім беруді дамыту және түзету орталықтары, оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар);

санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар (санаторий, демалыс базасы, профилакторий, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

қоғамдық тамақтану нысандары (ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын, стрит-фудтар);

медициналық-әлеуметтік нысандар (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар);

денсаулық сақтау ұйымдары, зертханалар;

дәріхана ұйымдары;

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезөңдеу бойынша, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және ОСИ және басқалар);

экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

ойын-сауық нысандары (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

байланыс және телекоммуникация нысандары.

Осы жоғарыда аталған ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 7 күнде 1 рет міндетті ПТР-тестілеуден өтуі тиіс.

Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алмаған азаматтардың назарына: 15 шілдеге дейінгі мерзімде  вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізіледі.

Вакцинаны алуға болмайтын санаттағы адамдар бар. Ол тізім республикалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №30 қаулысында көрсетілген.

Сонымен қандай жағдайда және кімдерге вакцинаны алуға болмайды?

1) вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия немесе осы вакцинаның бірінші компонентін алғанда аллергиялық реакциялар туындаса;

2) ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық;

3) жоғары температура немесе вакцинаны бұлшықет ішіне енгізген кезде қан кетуге байланысты аурудың жіті фазасы;

4) жүктілік және лактация кезеңі;

5) 18-ге дейінгі жастағы адамдар.

Құрметті жерлестер! Коронавирус инфекциясының пандемиясы басталғалы бері медициналық қызмет шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп келеді. Төтенше жағдай енгізіліп, локдаун режимінде өмір сүрдік. Осы жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін әркім өзінің және жақындарының денсаулығына бей-жай қарамай, вакцина алып, көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастырмай, бетперделік тәртіпті ұстануды сұраймын. Егер алдағы уақытта аурушаңдық деңгейі төмендемесе, біз шектеу шараларын қатаңдатуға мәжбүр боламыз.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті