Жаңа пәтерлер берілді

Жаңа пәтерлер берілді

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында  және "Астана күні" мерекесі аясында, сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлан ауданында бірқатар іс-шаралар өткізіліп, бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді.
5 шілдеде Қ.Қайсенов кентінде "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ШҚО әкімі Д.К.Ахметовтың қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан (көп балалы отбасылар) шыққан 6 отбасыға жаңа тұрғын үйлерден жалға берілетін пәтерлердің кілттері табысталды. Жоба "Қолжетімді баспана" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Бозанбай ауылында  ауқымды  іс-шаралардың бірі  - «Адалдық алаңы» жобасы бойынша «Ашық әкімдік» сервистік орталығы ашылды.  Көпбалалы отбасыларға, жас мамандарға үйлердің кілтін табыстау салтанаты өтті.  Өткен жылы Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай 8 үй пайдалануға беріліп, 16 көпбалалы отбасы жаңа тұрғын үй алды. Бұл үлкен оқиға және көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан азаматтарды қолдау деп білемін. Сондай-ақ, осындай тағы бірнеше үйдің құрылысы аяқталған кейін, әлеуметтік осал топтардан шыққан жерлестеріміз жаңа жалға берілетін тұрғын үйге қол жеткізе алады.

Ішкі саясат бөлімі