
"Астана күні" мерекесі қарсаңында және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлан ауданында бірқатар іс-шаралар өткізіліп, бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді.
5 шілдеде Алмасай ауылында "100 нақты қадам" жоспарын жүзеге асыру аясында және облыс әкімі Д.К.Ахметовтың қолдауымен фельдшерлік акушерлік Пункт ашылды. ФАП ашу үшін жеке ғимарат сатып алынып, күрделі жөндеуден өткізілді. Негізгі медициналық жабдықтар жеткізілді, пункт орталық суға және кәрізге қосылған. Арнайы дайындықтан өткен жас медицина қызметкері жіберілетіні туралы ақпарат ауыл тұрғындарының ерекше қуанышын тудырды. ФАП ашылуы Алмасай ауылының тұрғындары үшін үлкен оқиға болды.
Ішкі саясат бөлімі