Кітаптың тұсаукесері

Кітаптың тұсаукесері

Бүгін Ұлан ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ұлан есімі, ұлағат бесігі" кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Ұлан ауданының барлық салалары бойынша даму тарихы сипатталған. Бұл кітаптың авторы жерлесіміз, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақпараттық саланың үздігі Жансап Шыңғысұлы Жанғозин. Салтанатты шараға аудан әкімі Ренат Тлеуханұлы Құрмамбаев, аудандық мәслихат хатшысы Гүлмайра Нәбиқызы Калиева ардагерлер кеңесінің төрағасы Аймұхамет Ескенұлы Бакимбаев және аудан ардагерлері қатысты. Барлық қатысушылар Жансап Шыңғысұлын құттықтап, сәттілік тіледі.

Ішкі саясат бөлімі