Ұлан аудандық мәслихатының кезекті VIII сессиясы туралы

Ұлан аудандық мәслихатының кезекті VIII сессиясы туралы

2021 жылғы 30 маусым  күні  сағат 10-00-де аудан әкімдігнің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

  1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру туралы Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің ақпаратымен бөлім басшысы Н.Т. Садықов таныстырды.
  2. «Бозанбай ауылдық округі әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы», есепті Бозанбай ауылдық округінің әкімі Ж.Қ. Мұқтаров  баяндады.

Күн тәртібінің әр түрлі бөлімінің сұрақтар бойынша:

Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылдың 28 желтоқсандағы № 417 «2021-2023 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Б. Акпанова;

Ұлан ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С. Б. Бустакбаев баяндады.

Ұлан ауданы әкімдігінің құрамы туралы;

Ұлан аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 ақпандағы № 17 «Ұлан аудандық жер комиссиясының құрамын және Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 17 маусымдағы № 387 «Ұлан ауданының тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту  туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

Аудандық мәслихаттың кезектісессиясының төрағасы туралы, мәслихат хатшысы Г. Н. Калиева  таныстырды.

Сұрақтар  шешімдерінің жобасын депутаттар  бірауыздан қолдады.

 Кезекті сессияға 9  депутат қатыстып, ол  75  пайызды  құрады.

Сессияға аудан әкімі Р. Т. Құрманбаев, аудан әкімінің орынбасарлары Л. К. Кенжетаева, Р. Болатқан, аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Мамарбаев, дербес бөлімінің басшылары қатысты, ауылдық округ және кент әкімдері қатысты.

 Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Р. Кизатов