
Көше бойының тазалығы, канализация қақпақтарының болуы және су жағалауларының қазіргі жағдайы бақылауға алынды.
Ұлан ауданындағы ауылдық округтерде көктем мезгілінен бастап қазіргі уақытта апта сайын сенбілік жұмыстар жалғасуда. Жергілікті әкімдік пен бюджеттік ұйымдардың қызметшілері және тұрғындар тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Қ.Қайсенов кентінде де тазалық сақталған, дегенмен канализация қақпақтары бірнеше жерде ережеге сай еместігі байқалды. Жергілікті әкімдікке тиісті тапсырмалар берілді.