
2021 жылы 23 маусымда Қасым Қайсенов кенті Тоғанас базарының жанында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Бозанбай және Т. Тоқтаров ауылдық округтерінің кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары кентіміздің тұрғындарына табиғи экологиялық таза өнімдерін ұсынды. Әкелінген өнімдердің ішінде жылқы еті - 360 кг, шошқа еті - 38 кг сары май - 30 кг, сүт өнімдері - 220 литр, қымыз - 100 литр, шұжық - 17 кг, және көкеністер саудаланды.
Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі