
«Ұлан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Алия Аубакирова Ұлан аудандық орталық ауруханасында болып, ондағы асхана мен азық-түлік сақталатын бөлмесіне мониторинг жүргізді.
Аталмыш ауруханадағы мәзірді бас дәрігер бекітеді. Ал 2021 жылға азық-түлік алуға 1219,710 мың теңге бөлінген.
Қазіргі таңда стационарлық емдеуді 5 адам алуда.