Ел астанасы – Нұр-Сұлтан

Ел астанасы – Нұр-Сұлтан

2021 жылдың 23-ші маусымында аудандық орталық кітапханасында   жасөспірімдермен  Астана күніне арналған шаралар топтамасын өткізу басталды.

Астана туралы бейнебаян көрсетіле отырып, Қазақстанның тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені, Астананың Елорда болып қалыптасуының тарихы және оның әлемдегі абыройы туралы әңгіме қозғалды.

«Ел астанасы – Нұр-Сұлтан»  атты слайд - композиция ұйымдастырылды. Шара қатысушылары бейне роликтің көмегімен ару қаламыз астанаға сырттай саяхатқа аттанды. Слайд-саяхат барысында Қазақстан Президентінің резиденциясы «Ақорда», «Бәйтерек» монументі, «Думан» мәдени ойын-сауық орталығы, «Атамекен» этносаябағы және басқа да астанамыздың көрікті жерлеріне түсініктемелер берілді. 

Қатысушылар «Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты викторина  сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихымен танысты. Іс-шара балалар арасында үлкен қызығушылық тудырып, арнайы дайындалған  «Астана – арман қала» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Осы тақырыпта өткізілген викторина балалардың Отан тарихынан білетіндерін толықтыра түсті. Сонымен бірге ойын түріндегі туған жер туралы мақал-мәтелдерді еске түсіру сайысы ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының астанасы туралы әндері тыңдалды.

Шара соңында оқырмандар астана бойынша жасалған виртуалды саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті.

#Нұр-Сұлтанқаласы

#ҰланаудандықорталықтандырылғанкітапханажүйесіКММ

«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова