
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді талдау басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуге кіріседі.
Бұл жұмыстың мақсаты өтінімдерді беруден бастап, субсидиялар берудің ашық, әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.
Ол үшін барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің қолданыстағы практикасы, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатын болады.
Халықпен кездесу және жағдайды зерделеу үшін арнайы топтардың өңірлерге шығуы ұйымдастырылады.
Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін электрондық пошта әрекет етеді taldau@antikor.gov.kz, сондай-ақ WhatsApp нөмірі
+7 778 668 99 20.
Сондай-ақ, жұмыс тобының өкілдеріне "Атамекен" ҰКП филиалдары мен Antikor-агенттіктің еліміздің барлық өңірлеріндегі аумақтық департаменттерінің орталықтары арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.
Барлық проблемалық мәселелер мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс арналары арқылы хабарласуды сұраймыз.
Агенттік ынтымақтастыққа және барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды қатысуға шақырады.
Бейнеге сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=86P3cm-6GxY