Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бөлімнің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алмауы үшін Сіздердің назарларыңызға өрт-техникалық тексеру жүргізу барысында басшылыққа алынатын негізгі нормативтік-құқықтық актілер, қауылылардың тізімін ұсынамыз.
Тексерулер түрлері, жүргізу тәртібі және тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың және тексерілетін объектілердің басшыларының құқықтар мен міндеттері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29-шы қазан күнгі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде жазылған.
Объектілердің тексеру барысында «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарында көрсетілген өрт қауіпсіздігі талаптарынан басқа талаптар қойылмауы керек. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар бөлімі жаңадан салынған объектілерді қабылдау комиссиясына қатыстырылмайды және ешқандай рұқсаттама құжаттарын бермейді.
Егер де Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттер туындаған жағдайда немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністерін анықтасаңыз төмендегідей телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:8-(72338)27-644, 8-702-213-33-01.
Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры Турарова М.К.