
Биылғы жылы Ұлан ауданының барлық кітапханаларында 2021 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына орай «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, шаралар өтуде.
2021 жылдың 7-ші маусымында «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясының шеңберінде аудандық орталық кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, тақырыптық сағат өткізіліп, З. Наурызбаева, Л. Калаустың «Алтын тостағанды іздеу» атты шығармасынан үзінді оқылып, тізімге енген шығармаларды оқудың маңыздылығы талқыланды.
Акцияның басты мақсаты-отандық әдебиетті, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны насихаттау.
«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова