«Ауыз әдебиетінің алыбы – Жамбыл Жабаев»

«Ауыз әдебиетінің алыбы – Жамбыл Жабаев»

Құзіретті қазылар алқасы 2021 жылғы  26 мамырда Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы»  КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай тілдерді оқыту орталықтары В1 (орта деңгей)  тыңдаушыларының арасында «Ауыз әдебиетінің алыбы – Жамбыл Жабаев» тақырыбында өткен облыстық мазмұндама жазу байқауының қорытындысын жариялады.

БАС ЖҮЛДЕНІ Риддер қаласының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушысы Кәнісова  Мөлдір Төлеубекқызы, бірінші орынды Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің тыңдаушысы Ержанова Аяулым Ержанқызы және Глубокое ауданы тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Смағанбетова Алуа Дүйсенғалиқызы, екінші орынды «Курчатов қаласының  тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушысы Махатова Дания Сагинбековна және Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушысы Сембаева Айгерим Райхановна, үшінші орынды  Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің тыңдаушысы  Бекпаева Динара Дулатқызы, Глубокое ауданы тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Джунусова Айсулу Болатжанова және  Риддер қаласының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушысы Шарипканов Талғат Шарипқанұлы иеленді. Сондай –ақ «Курчатов қаласының  тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушысы Мұстафина Толғанай Тасбулатовна, Катонқарағай тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Акатаева Гаухар, «Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушысы Бодаубаева Құндыз Рамбайқызы, Глубокое ауданы тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Калелова Аяулым Талғатқызы, Шемонайха «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушысы Жақсылықова Айзат Абеньевна Алғыс хатпен марапатталды.  

Сайысқа қатысушыларға еңбектеріне жеміс, тіл үйренулеріне сәттілік тілейміз.