
🔰 “Ұлан - адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Алия Аубакирова ауданды көгалдандандыру, қоқысты жинау, қоқыс полигондарын тексеру қорытындысы бойынша ұстанымдардың орындалуына мониторинг жүргізді.
🌿 Ұлан ауданының елдімекендерін көріктендіру және көгалдандыру мақсатында 2021 жылға ауылдық округ және кент әкімдіктеріне 9 533,5 мың теңге бөлінді, оның ішінде:
🟢 Көгалдандыруға және аббаттандыруға - 4 350,0 мың теңге;
🟢 Санитарлық тазалауға - 5 183,5 мың теңге.
📍Ал аудан орталығы Қ.Қайсенов кентін аббаттандыру, көгалдандыру және лайықты санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2021 жылы аудандық бюджеттен 7 961,5 мың теңге бөлінген.
✅ Сондай-ақ Ұлан ауданы бойынша “Таза табиғат”, “Birge - Taza Qazaqstan” экологиялық акциясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Онда жағалаулар мен су айдындарын қоқыстан тазарту жоспарлануда, акция 2021 жылғы 22 мамырдан 12 маусымға дейін жалғасын табады.