Ағымдағы жылдың 23 сәуірден бастап ауданның барлық елді мекендерінде көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 23 сәуірден бастап ауданның барлық елді мекендерінде көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді

🔰 Ағымдағы жылдың 23 сәуірден бастап ауданның барлық елді мекендерінде көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.
🌿 2500 дана отырғызылатын материал “Асу-Бұлақ орман шаруашылығы” КММ-ден өтеусіз негізде алынып, барлық көшеттер отырғызылды. Бүгінгі күні қосымша 5400 дана “Верх-Уба орман шаруашылығы” - 2200 дана, “Өскемен орман шаруашылығы” - 3000 дана, “Асу-Бұлақ орман шаруашылығы” - 200 дана көшет алынып отырғызылуда.
📍 Көшеттер Азовое, Багратион, Егінсу, Айыртау, Алмасай, Саратовка, Өскемен ауылдық округі, Асубұлақ және Огневка кенттерінде отырғызылды.
📌 Оларды күту бойынша іс-шараларды елді мекендердің мемлекеттік мекемелері жүргізеді.