
🔰 “Ұлан - адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Алия Аубакирова “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламасы жайында ақпарат алып, биылғы жылғы жоспармен танысты.
✅ 2021 жылы аудан аумағында “Дипломмен ауылға” бағдарламасының аясында 65 адамды 284407,0 мың теңгемен қаржыландыру жоспарлануда:
🔺 Білім беру саласында 35 маманға 153143,0 мың теңге;
🔺 Денсаулық сақтау саласында 15 маманға 65632,0 мың теңге;
🔺 Мәдениет саласында 3 маманға 13127,0 мың теңге;
🔺 Спорт саласында 12 маманға 52505,0 мың теңге қарастырылған.