
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Ұлттық конкурс адамгершілікқұндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Өтінімдераудандық (қалалық) комиссияға 2021 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін беріледі.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).
Екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең (1 шілдеден 15 шілдеге дейін).
Биылғыжылданбастапоблыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
Конкурс лауреаттарынмарапаттаурәсімі қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде өтеді.
Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ШҚ облыстық ішкі саясат басқармасы, Өскемен қаласының әкімдігі, Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі. Толық ақпарат алу үшін 8 /723/38 28049, 27155 телефондарына хабарласуға болады.