Жеке меншік объектілердегі өрт қауіпсіздігі!

Жеке меншік объектілердегі өрт қауіпсіздігі!

Қазақстан Республикасының мемлекет басшысының 2019 жылғы 26-шы желтоқсандағы №229 Жарлығымен кіші кәсіпкерлік, соның ішінде микро кәсіпкерлер 2023 жылға дейін тексерулерден босатылғаны баршаға белгілі.

Сонымен қатар, ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, болмашы тәуекел дәрежесіне жататын объектілерге өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексерулер жүргізілмейді.

Өрт қауіпсіздігі бойынша жауапкершілік объект басшыларына жүктеледі.

Жоғарыда көрсетілген себептермен объект басшыларына төмендегідей негізгі іс-шараларды жүргізу арқылы объектілеріңізді қауіпсіз жағдайға әкелу туралы тағы бір рет ескетеріңізге сала кетейік:  

  • Эвакуациялық жолдарды, шығу есіктерін, автоматты дабыл, өшіру, хабарлау жүйелерін, өрт сөндіру құралдарын әр уақытта жұмыс істейтін жағдайда ұстау;

- объект жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізу;

- Қызметкерлерді өрт кезіндегі іс-әрекеттер алгоритммен таныстырыңыздыр.

Өрт қауіпсіздігін сақтай отырып, Сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіз.

Егер өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтарыңыз туындаса, Ұлан ауданының ТЖБ-не 8-72-338-27381 номері арқылы хабарласуларыңызға болады. 

 

Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры М.К.Турарова