Ұлан ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін таңдау өткізуге конкурс жариялайды

Ұлан ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін таңдау өткізуге конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығының 7 тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Ұлан аудандық мәслихатының электрондық мекенжайына жібереді:

1) қоса берілген № 1 үлгідегі нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығының 5 тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан жұмыс тобының сандық құрамы 7 (жеті) адамды құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығының 10 тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы келесі құжаттар ұсынылады:

1) қоса берілген № 2 үлгідегі нысан бойынша өтініш;

2) жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Ұлан аудандық мәслихатымен ұсыныстар жазбаша түрде 2021 жылдың 30 сәуір күнгі сағат 17.00 дейінгі мерзімде келесі мекен-жайда қабылданады: Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5, 207 кабинет,  ulan-maslihat@mail.ru электрондық пошта арқылы.

Приложения

 

Ұлан аудандық мәслихат аппараты