2021 жылғы 21 cәуір күні сағат 11-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс VI сессиясы өтті.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
- «Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №439 «2021-2023 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі А.М. Саденова баяндады.
- «Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 183 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Ж. Қайролдинов баяндады.
- «Ұлан ауданы Макеевка ауылының көшесін қайта атау туралы», аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы С.О.Жуматаева баяндады.
- «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 70 «Ұлан ауданы әкімдігінің жанынан терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
- «Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 100 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы» сұрақтармен аудандық мәслихат хатшысы Г. Н. Калиева таныстырды.
Сұрақ шешімінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезектен тыс сессияға 10 депутат қатыстып, ол 83 пайызды құрады.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Д.Ш.Жоргекбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Ж. Қайролдинов, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі А.М. Саденова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы С.О.Жуматаева қатысты.
Аудандық мәслихат аппараты