
Облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы
22 сәуірде Халықаралық Жер күні атап өтіледі. Ол бүкіл әлемдегі адамдардың ортақ үйі – планетамызды сақтау үшін бірігуге шақырады, табиғатпен үйлесімді өмір сүру идеясын жүзеге асырады. Бұл тек біз үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де маңызды.
Биылғы жылы «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ... Тебе и мне нужна Земля» бір мезгілде дауыстап оқу акциясының негізгі бағыты экологиялық ағарту ісі болады.
Акция балаларды табиғатты сүюге және экологияға қамқорлық жасауға үйрететін, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы көзқарастарын кеңейтетін қоршаған орта туралы әдебиеттің ең жақсы үлгілеріне негізделген. Кітапханашылар мен ата-аналардың баланың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған бірлескен жұмысы акцияны өткізудің негізі болады.
Акцияның мақсаты: жас ұрпақтың экологиялық дүниетанымын қалыптастыру бойынша балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін облыс кітапханаларының қызметін жандандыру; экологиялық бағыттағы кітаптарды оқуға тарту; балаларды табиғатты қорғау бойынша белсенді зерттеу және шығармашылық қызметке тарту.
2021 жылдың 20-шы сәуірінде Ұлан ауданының барлық кітапханаларында бір мезгілде дауыстап оқу акциясы.
Акцияға Райымжан Мәрсеков атындағы мектептің 3 «Г» сынып оқушылары (сынып жетекшісі Капанова С.Е.) белсене қатысты, балалар С.Байхоновтың «Ғажапстанға саяхат: табиғат кітабы» атты шығармасын үлкен ықыласпен тыңдады.
«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова