Қазақстанда Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні - 18 сәуірде 1984 жылдан бері атап өтіледі. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында орналасқан архитектуралық, тарихи және археологиялық ескерткіштер саны - 37, соның ішінде: археологиялық ескерткіштер – 33, архитектуралық ескерткіштер – 4, республикалық маңызы бар – 1.
Осы күнге орай «Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-мен бірлесіп Ақпарат күндерімен шаралар топтамаларын өткізуде.
«Киелі мұрамызға тағзым» https://www.facebook.com/100006271173080/videos/2907664312785913
«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова