Көлік салығын төлеушілер:

Көлік салығын төлеушілер:

Көлік салығын төлеушілер:

- меншік құқығында көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) есепте тұрған жеке тұлғалар.

 

Салықты қалай есептеуге болады?

- «Электрондық қызметтер» бөлімінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz.) орналастырылған «Калькулятор» қызметін өз бетінше пайдалану;

- E-SalykAzamat мобильді қосымшасында (PlayMarket AppStore арқылы жүктеу).

Егер көлік құралы салық кезеңінен (күнтізбелік жылдан) аз меншік құқығында болса, салық сомасы көлік құралына іс жүзінде иелік ету кезеңіне жылдық салық сомасын он екіге бөлу және меншік құқығында іс жүзінде болған айлар санына көбейту арқылы есептеледі.

Төлем мерзімі – жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша есепті салық кезеңінен (күнтізбелік жылдан) кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей.

Салық төлеуге арналған деректемелер – БСК коды - 104402, СТК коды - 911, айыппұл деректемелері: ТТК коды – 912.

 

Көлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен мараптталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

 - Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi;

-«Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен марапатталған адамдар;

- «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

-мүгедектер.

*       Бұл адамдар мемлекеттік тіркеу 31.12.2013 жылдан кейін жүргізілген 4000 текше см-ден асатын көлік құралдарын қоспағанда, бір көлік құралы үшін көлік салығын төлеуден босатылады.