
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабі күні
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету Жылы аясында Ұлан ауданының кітапханаларында 2 сәуір – Халықаралық Балалар кітабы күніне арналған «Сүйікті кітаптардың мейірімді әлемі» атты кітап апталығы басталды.
Аптаның бірінші күні кітап шеруімен ашылды. Апта шеңберінде балаларды кітап оқуға тарту мақсатында қызықты және тартымды іс-шаралар ұйымдастырылады: мультсалондар, әдеби вернисаждар, кітапханаларда «Кітап галактикасы» атты экскурсиялар, Ақпарат күндері – «Отбасылық оқуға - біздің құрметіміз», ойын-саяхаттар, әдеби викториналар, «Ертегілер әлеміне саяхат» - виртуалды сабақтары, «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмелері және жаңа анықтамалықтар мен энциклопедиялардың тұсаукесерлері өткізіледі.
«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова