Кітапханашылар үздіксіз білім алуда

Кітапханашылар үздіксіз білім алуда

Пандемия жағдайында кітапханалар барлық негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Кітапханалар  алыстағы  пайдаланушылармен жұмыс істеу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды, алайда форс-мажор кезеңінде істерде шетте қалмау үшін олар өз жұмыстарын өте тез қайта құра алуы қажет, ал қызметкерлер тез оқып, әртүрлі бағыттарда дамып, сыни ойлау мен креативтілікті дамытып, жағдайды дұрыс талдап, стресске төзімді болуы керек. 

Бұл жағдайда А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы облыс аудандарының ауылдық кітапханаларына үлкен көмек көрсетуде. Әр бейсенбі сайын әдістемелік күндер, кәсіби тренингтер, ZOOM платформасында кездесулер өткізіледі.  

«Ұлан аудандық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері «Тренерлерге арналған Тренинг» атты облыстық ақпараттық-кеңес беру семинарына қатысып, сертификаттар алды.

Ауылдық кітапханаларға бейімделу, қайта топтасу және өз жұмыстарын өте тез қайта құру қажет болды. Оған бізге А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкерлері көмектесуде.

Біз, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына, әдістемелік және практикалық көмек көрсетіп отырғандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова