Медиасауаттылық және медиабілім

Медиасауаттылық және медиабілім

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен «Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігі Америка бұрыштары бағдарламасы бойынша ынтымақтастық аясында 2021 жылдың 11-28 қаңтар аралығында кітапхана қызметкерлері үшін «Медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренерлерге арналған Тренинг» тақырыбында онлайн курс өткізді.

«Ұлан ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі тренинг жұмысына қатысты. Аудандық орталық кітапхананың қызметкері Б.Ахмадиева онлайн курстан сәтті өтіп, сертификат алды.

Алынған білім негізінде кітапханашы Б.Ахмадиева 2021 жылы 16-шы наурызда аудандық орталық кітапханада Ұлан ауданының ауылдық кітапханаларының қызметкерлері үшін онлайн форматта тренинг өткізді, оған 14 адам қамтылды.  Тренинг өту барысында Интернет-қауіпсіздік бойынша ақпарат берілді, алынған білім мен дағдыларды одан әрі беру үшін сыни ойлау және талдау тәсілдері оқытылды.

«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова