Көрсетілген медициналық қызметтердегі кемшіліктер

Көрсетілген медициналық қызметтердегі кемшіліктер

МӘМС – медициналық және қаржылық мәселелерді қатар қамтитын күрделі реформа. Сондықтан да әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықты ақпараттандыруға ғана емес көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша қызығушылық танытқан әрбір азаматқа жеке кеңес беру үшін кері байланыс арналарын дамытуға үлкен көңіл бөлуде.

Қордың облыстық филиалының директоры Ғалымжан Әбілов 2020 жылғы филиал жұмысының қорытындысы бойынша келесі ақпаратты атап өтті: - Филиалдың мониторинг бөілімінің мамандары ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтың сапасы мен көлеміне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. 2020 жылғы мониторингілеу қорытындысы бойынша облыстағы медициналық ұйымдарда 118 мыңнан астап бұзушылықтар анықталған. Олардың көпшілігі емдеу-диагностикалық іс-шаралардан ауытқушылық, медициналық құжаттарды сапасыз жүргізу болып табылады».

Биыл қор сапаны бақылау жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Медииналық қызметті көрсету тәртібі мен пациенттердің құқығын бұзуға әкеп соғатын жағдайлар мен себептерді анықтау және алдын алуға бағытталған проактивті мониторинг енгізіледі.

Бұдан былай кемшіліктер анықталған жағдайда қызметті ұсынушы қорытынды шығарылған сәттен бастап 45 күнтізбе күні ішінде анықталған кемшіліктерді жойып, орындалмаған міндеттерді орындауы тиіс. Әйтпесе аталған мерзім өткен соң айыппұл салынатын болады.

Қорда атап өткендей, бұл өзгерістер медициналық қызметтердің қолжетімділі мен сапасын арттырып, қызметті ұсынушылармен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

«Қордың облыстық филиалы медициналық қызметті тұтынушылар құқығын қорғау және тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді: ТМККК және МӘМС, төлем жүргізу тәсілдері және болған берешек сұрақтары бойынша тұрғындарға кеңес беру үшін бірыңғай 1406 байланыс орталығы ұйымдастырылған. Қордың өңірлік филиалдарында азаматтарды қабылдау кабинеттері бар. Медициналық ұйымдардың басшылары кемшіліктерді жою үшін берулген барлық мүмкіндіктерді қолданып, пациенттерді қолдау және сапаны сараптау қызметінің жұмысын күшейтуі қажет. Орта медициналық қызметкерлердің медициналық құжаттардың дұрыс толтыруы, сондай-ақ дәрігер тағайындауларының уақытында толық толтыруы бойынша жүргізген жұмыстарының сапасына жүйелі түрде талдау жасалып, сараптама жүргізіліп отырады – деп атап өтті облыстық филиал басшысы Ғ. Әбілов.

- Біздің сарапшылар әрбір өтінішті қарап, шара қолданады. Мысалға, өткен жылы филиалға «электронды үкімет» ПЭП-порталы арқылы жеке тұлғалардан 17 жазбаша өтініш келіп түскен. Қолдау 24/7 мобильді қосымша арқылы 29534 кеңес беріліп, Aikey CPM ақпараттық жүйесіне 509 өтініш пен 578 алғыс келіп түскен. Барлық келіп түскен шағымдар мен өтініштерді

филиал мамандары уақытында қарап, жедел шешім шығарылған. Шағын және орта бизнес субъектілеріне сақтандыру статустарын түзету бойынша 316 өтінім қарастырылған, 889 өтінімге уақытша статус берілген.

Қордың негізгі міндеттерінің бірі пациенттердің құқығын қорғау болып табылады. Осыған байланысты қор сарапшылары медициналық көмектің сапасын мониторингілеу, сонымен қатар әрбір жағдай бойынша әрбір бас тарту себептеріне тексеру жүргізеді.

Қор сапасыз көрсетілген медициналық қызмет немесе медициналық қызмет көрсетуден бас тарту фактілері анықталған жағдайда келесі кері байланыс арналары арқылы: Қолдау 24/7, телеграм болт арнасынан сақтандыру бот қосымшасына, қордың ресми сайы мен 1406 байланыс орталығына хабарлауды ұсынады.

Облыстық филиал директоры Ғалымжан Әбіловтың сөзін қорытындылай келе – қордың негізгі мақсаты «Медициналық қызметті жеткізушілердің бәсекеге қабылетті және ашық нарығы, бұл сапалы медицинаға баратын бірден бір жол» болып табылады.