Короновирустық жұқпаның кесірінен өкпесінің 90 пайызы зақымдалып асқынған екі жақты пневмониямен және тыныс алу жеткіліксіздігімен қатар ауырған Семей қаласының тұрғыны А. үшін көп күттірген жүктілік сәтті аяқталып, дені сау баланың өмірге келуімен аяқталды.
Пациент А. 2020 жылдың желтоқсанында, жүктіліктің соңғы айларында короновирустық жұқпамен ауырып, одан болған асқынулармен Семей қаласындағы перинаталдық орталыққа емдеуге жатқызылған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының хабарламасы бойынша орталықтың білікті мамандары пациент пен нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін екі ай бойы күресіп, ана мен бала өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған. Орталық мамандары сын сағатындағы негізгі міндеттерін адал орындап, ананың да, баланың да өміріне араша түсіп аман алып қалды. Анаға кесарево тілігін жасалды. Босанғаннан кейін де пациенттің денсаулық жағдайы қосымша шұғыл терапияны қажет еткен. Бір жарым ай бойы пациент ИВЛ аппараты жағдайында жеке реанимациялық бокста жатқызылып, жағдайы жақсарғаннан кейін ғана экстракорпоральды мембрандық оксигенацияға ауыстырылған.
Айта кететін жағдай жүкті және босанған әйелдерге көптеген ерекшеліктерге қарамастан экстракорпоральды мембрандық оксигенация іс жүзінде қолданылмайды, алайда перинаталдық орталық жас ана өмірін сақтап қалу үшін барлық мүмкіндіктерді қабылдау туралы шешім қабылдаған. Денсаулық жағдайы біршама жақсартылғаннан кейін ғана жас ана барлық көрсетілген ұсынымдарды қатаң сақтай отыру міндеттемесімен үйіне шығарылған.
«Елімізде шұғыл және жедел көрсетілетін медициналық көмек барлық азаматтарға бірдей тегін көрсетіледі. Алайда бұл жағдайдан шыққаннан кейін көрсетілетін барлық қосымша медициналық көмектер аударған төлемінің көлеміне қарамастан сақтандырылған азаматтарға ғана толықтай тегін көрсетіледі. Бұл қызметтерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек, оңалтулар, қымбат тұратын зертханалық зерттеулер, КТ, МРТ және басқа да медицналық қызмет түрлері енгізілген» деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.
Филиал директорының түсіндіруі бойынша барлық салада жұмыс істейтін, сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысатын жүкті әйелдер үшін медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен төлемдер ай сайын түсіп отырады. Бұл азаматтар автоматты түрде «сақтандырылған» азаматтар қатарына енеді.
«Ал жұмыс істемейтін жүкті әйелдер де мемлекет тарапынан сақтандырылған азаматтар қатарында болады. Бірақ мемлекет тарапынан берілетін жеңілдігі бар азамат санатын алу үшін аталған тұлғалар бекітілген
емханасына барып қаралуы қажет. Егер медициналық сақтандырудың қатысушысы болмаған жағдайда бекітілген емхананың берген анықтамасын «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы жүктеп, өтінімін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жолдайды. Өтінім түскеннен кейін бірер минутта ғана қаралып, бір айға уақытша статус беріледі. Уақытша статус алғаннан кейін бекітілген емхана тұрақты статус беру үшін есепке дер кезінде алуы қажет» - деп сөзін түйіндеді филиал директоры Ғалымжан Әбілов.
Ойымызды жинақтай келе қандай жағдайға тап болсақ та мемлекет әрбір азаматын медициналық көмексіз қалдырмайды. Алайда әркім өз денсаулығы үшін жауапты екенін баса айтқымыз келеді. Ал сөзімізге арқау болған, яғни баласына өмір сыйлауы үшін күрескен анаға мықты денсаулық, өмір есігін ашқан сәбиімізге бақытты балалық шақ тілейміз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы