Мектептегі үгіт-насихат жұмыстары

Мектептегі үгіт-насихат жұмыстары

Ұлан ауданында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуді насихаттау және өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін көтеру мақсатында аудандағы мектептерде 9-11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жүргізілді. Әңгіме барысында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының қатардағы азаматтық қорғау курсанты Мукушев Арлан Алмазұлы КТИ-ге түсу ережелері, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар, казармадағы өмір және оқу орнының артықшылықтарын айтып берді. Институт туралы бейнеролик көрсетіліп, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері жөнінде жадынамалар табыс етілді.

 

Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері Е.Кадирбеков