Азаматтарды қорғау біздің басты-мақсатымыз!

Азаматтарды қорғау біздің басты-мақсатымыз!

Азаматтық қорғау саласының негізгі және басты міндеттерінің бірі –халықты төтенше жағдайлардың алдын алуға және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге машықтандыру болып табылады. Жоғарыда көрсетілген негізгі міндетті атқару мақсатында Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде, ұйымдарда «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері», «Су тасқыны кезіндегі негізгі іс-әрекеттер», «Әр түрлі төтенше жағдайлардың алдын –алу» тақырыбтарында дәрістер өткізу жұмыстарын жүргізуде.

Қазір көктем мезгілінде негізгі қауіптер су тасқынынан, жеке тұрғын үйлерде  көміртегі газбен улану, жердің тайғақ болуына байланысты құлап дене жарақаттарын алу және т.б төтенше жағдайлардан абай болуларыңызды сұрймыз.Сақтықта –қорлық жоқ.