
Наурызды тойлау декадасының бұл күні ұлттық спортқа арналады. Жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ ұйымдастырылады.
Ал, балалардың асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, қап киіп жарысу, жаяу тартыс, садақ ату, күрес, ақсерек пен көксерек т.б. спорттық ойындар ойнауына арнайы орындар жасалады.
Аудан кітапханаларында ырым-тыйымдap, төрт түлікке деген ізеттілік, обал мен сауап, адал мiнeз, туыcтық aтaулар, ұлттық oйындap, қaзaқы өлшeмдepге байланысты шаралар, сайыстар ұйымдacтырылуда.
«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова