Игі істер күні

Игі істер күні

Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Аудан кітапханаларында осы күнге орай кітап көрмелері ұйымдастырылып, жасөспірімдердің қатысуымен әр-түрлі шаралар өтуде.  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» атты акциясының шеңберінде  Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің белсенді 9«А» сынып оқушылары қайырымдылық шараларын тоқтатпай, аудандық орталық кітапханаға қол ұштарын беріп, көмектесті.

Қазақ халқында қайырымдылық пен ұйымшылдықты таныту мақсатында көпшіліктің көмегін пайдаланып шөп шабу, егін жинау науқандарына, сонымен қатар, үй салу секілді ауыр жұмыста бірлесе көмек қолын созу дәстүрі – асарды қайта жаңғырту өте маңызды іс.