
Аудан кітапханаларында Наурыз мерекесіне орай кітап көрмелері ұйымдастырылып, әр-түрлі іс-шаралар өтуде.
14-ші наурыз күні жұрт бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды.
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын», «Ақ мол болсын», «Ұлыс оң болсын», «Жаңа жыл құтты болсын!» деген секілді сөздер арқылы жаңа жылдың келуімен құттықтап, арқа-жарқа болады. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн. Алыста жүрген жандар қара шаңыраққа соғып, ата-анасына сәлем беріп, ағайын-туыстың үйіне бас сұғады. Алыстағылар телефонмен хабарласып, құтпарақпен құттықтасады. Ерлер әйелдерге бәйшешек гүлін сыйлайды.
«Ұлан аудандық орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова