«15 – наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні!»

«15 – наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні!»

2021 жылы 15 – наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні «Пластикалық материалдармен ластандыруға қарсы күрес» деген ұранмен өтеді.
Осы жылы Тұтынушылардың дүниежүзілік ұйымы пластикалық материалдармен ластандыруға қарсы күрес мәселесіне зор көңіл бөліп отыр. Қазіргі және болашақ ұрпақ үшін, табиғи қорларды сақтау және әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында, Тұтынушылардың дүниежүзілік ұйымы әрбір тұтынушыны тауар және қызмет тұтынуда ұтымды және жауапты пайдалану көзқарастарын ұстауға, өнімдерді пайдалану, сақтау, тасымалдау және пайдаға асыруда тек қана тұтынушылардың денсаулығына қауіпсіз емес, қоршаған орта үшін де қауіпсіз болуына шақырады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңнамасы құқық саласы ретінде Қазақстанда біршама жақында – 1990 жылдардың басында пайда болды. Осыған дейін азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыру бойынша қарым-қатынастарды реттеу, көбінесе кодификацияланған азаматтық заңнамамен жүзеге асырылған.
2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енуіне байланысты, халықаралық қоғаммен танылған тұтынушылардың құқықтары және оларды іске асыру кепілдіктері бекітілді. Бұл Заң азаматтардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген кезде, құқықтарын қорғаудың жоғары кепілдіктерін қарастырды, өндірушінің шығарылған өніміне тұтынушының алдында, сол сияқты басқа тұлғалардың алдында, шарт келісімдерінің бар немесе жоқтығына қарамастан жауапкершілігін анықтады.
2020 жылғы 25 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданған. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Өтініштерді қарастырудың үш сатылы механизмі, атап айтқанда тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында дауды сотқа дейін шешу тәртібі енгізілді.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бекітлді.
ТҚҚБАЖ -тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, оларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейлерінде жүйелеуге және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе. Әрбір тұтынушы www.e-tutynushy.kz интернет веб-парақшасына компьютер немесе телефон мобилдік қосымшасы арқылы кіріп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбындағы өз өтініштерін жолдауларына болады.
Сондай-ақ, тұтынушылар өз құқығын қорғау мәселесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-72-07, e–mail: dzpp.vko@mti.gov.kz).