2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында  ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап»

2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында  ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап»

2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында аудан кітапханаларында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты - отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу, ана тіліне ұқыпты қарау. Акцияның міндеті-қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ауданның барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар, Ақпарат күндері және кітап көрмелері ұйымдастырылады, онда акция, таңдалған авторлар мен олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ оқырмандар назарына Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары ұсынылады.

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған байланысты, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атты акция аясында бүкілхалықтық оқуға белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдалды.  

Поэзия:

  1. Мукагали Макатаев «Өмірдастан»,
  2. Жумекен Нажимеденов «Менің Қазақстаным»,
  3. Улыкбек Есдаулет «Киіз кітап»,
  4. Серик Аксункарулы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы»,
  5. Тоқтарали Таңжарык «Түн парақтары»,
  6. Бақытжан Канапьянов «Достояние души».

Проза:

  1. Тынымбай Нурмагамбетов «Періштелердің өлімі»,
  2. Тобык Жармагамбетов «Отамалы»,
  3. Сауле Досжан «Қасірет пен тағдыр»,
  4. Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет»,
  5. Даурен Куат «Бөрісоқпақ»,
  6. Турысбек Саукетай «Желқайық».

Драматургия:

  1. Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр»,
  2. Дулат Исабеков «Жеті желкен»,
  3. Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі»,
  4. Иран-Гайып «Қорқыттың көрі»,
  5. Думан Рамазан «Пешене»,
  6. Сая Касымбек «Жанталас».

Балалар әдебиеті:

  1. Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»,
  2. Бердибек Сокпакбаев «Жекпе-жек»,
  3. Марат Кабанбаев «Жиһангез Тити»,
  4. Толымбек Абдырайым «Алабұға аулаған күн»,
  5. Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу»,
  6. Мади Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

Аудармалар:

  1. Юсупов Кенес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық»,
  2. Адетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір»,
  3. Ахметов Адил, Агата Кристи «Ғайып болған миллион»,
  4. Меллат Толеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн»,
  5. Мазен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»,
  6. Курметулы Амангелди, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

 

«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова