Комиссия отырысы туралы

Комиссия отырысы туралы

2021 жылдың  12 наурызында Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінің әкімдігінде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат туралы комиссияның(ары қарай Комиссия) кезекті отырысы өтті.

Отырыстың мақсаты: Комиссияның 2020 жылы жүргізген жұмысы және 2021 жылға жоспар туралы.

Отырысқа Комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Лязиза Карловна Кенжетаева және әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның мүшелері қатысты.

Күн тәртібі бойынша жоспарланған Комиссияның 2020 жылы өткізген жұмысы және 2021 жылға жоспар туралы Комиссия хатшысы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.И. Кустубаева баяндады.

Комиссия төрайымы Л. Кенжетаева отырысты қорытындылап, комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар берді.

Ішкі саясат бөлімі