Құрметті тұтынушылар және кәсіпкерлік субъектілері!

Құрметті тұтынушылар және кәсіпкерлік субъектілері!

2020 жылдың 25 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Аталған заңмен Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» Заңына толықтырулар енгізілді. Атапайтқанда Заңмен 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді (ТҚҚБАЖ).

ТҚҚБАЖ –тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, оларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейінде жүйелендіруге және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

Аталған жүйені құру арқылы «бір терезелі» принципі бойынша барлық қорғаныс шаралары бірыңғайреткекелтіріліп, шағымды өңдеу мен уәкілетті органдарға жіберу процесі оңтайландырылды. Тұтынушылардың қолайлылығы үшін шағымның себебі мен қызметтің түріне байланысты Жүйеге шағымдардың типтік формалары орналастырылды.

Сондай-ақ, кезкелгентұтынушы www.e-tutynushy.kz интернет веб-парақшасына компьютер немесе телефон мобилдік қосымшасы арқылы кіріп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбындағы өз өтініштерін жолдауларына болатындығын назарларыңызға саламыз.

Өз құқықтарыңыздықорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!