Аудан әкімдігінің отырысы

Аудан әкімдігінің отырысы

2021 жылғы 4 наурызда Ұлан ауданы әкімдігінің кезекті отырысы Қасым Қайсенов кентінде өтті.

Отырыста келесі күн тәртібі талқыланды:

1. Сұрақтар:

 

 

1. Асубұлақ, Азовое, Багратион, Каменка, Саратовка, Тарғын, ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша Бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

Баяндамашы:

Ерасыл Сәбитұлы Бейжімбаев – кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы м.а.

2. 2020 жылғы Ұлан ауданы бюджетінің орындалуы және 2021 жылға қойылған мақсаттар туралы.

Баяндамашы:

Қаниза Чүкенқызы Бердіғожаева – қаржы бөлімінің басшысы.

 

2. Ақпараттар:

 

 

1. Ұлан ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық барысы туралы.

Ақпарат беруші:

Нұрхат Тоқтарқанұлы Садықов – ішкі саясат бөлімінің басшысы.

2. Ұлан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының орындалу барысы туралы.

Ақпарат беруші:

Манарбек Қожахметұлы Буденов – балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

3. Ұлан ауданының су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы.

Ақпарат беруші:

Болатбек Тоқтауғажыұлы Тоқтауғажиев – төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнінен бас маман.

Мәжілісті аудан әкімі Р. Құрмамбаев қорытындылай келе, талқыланып отырған мәселелердің маңыздылығын көрсетіп, аудандық мемлекеттік мекемелер басшыларының алдына нақты міндеттер қойды.

Ұлан ауданы әкімінің аппараты