БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

Баспасөз анонсы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 17 наурызда онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Осы іс-шараға кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?» деп аталады. Іс-шараның негізгі аудиториясы БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің артықшылықтары туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қор виртуалды кеңістікте қызметтердің толық спектрін ұсынады. Атап айтқанда, корпоративтік сайттың немесе мобильді қосымшаның көмегімен бірнеше минут ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алуға, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алып, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беруге, төлемге берілген өтініштің мәртебесін бақылауға және т. б. қвзметтерді алуға болады.

Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік «Ашық есік күнінің» онлайн-форматта қазақ тілінде 17 наурызда сағат 12-00 және 16-00 онлайн платформада өтеді.

Осы шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға кестедегі сілтемеге кіру керек. Содан соң event-жиналыс нөмірі мен паролі енгізіледі.

Event- жиналыс:

«Ашық есік күніне» «ЕНПФ»

Event- жиналыс адресі:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec7bd86cb92510389cca72b87eaa2725a

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ecfe66fc81e4e6f3c6b147e8134f2e9cb

Күні мен уақыты:

17 наурыз күні сағат 12.00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

17 наурыз күні сағат 16.00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

Event- жиналыс нөмірі:

184 355 5092

184 684 2632

Event- жиналыс паролі:

               5rQaD                           

              6wK4A

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!