
Улы газ немесе уытты газ – ол әр түрлі жанғыш материалдардың ауада толық көлемде жанбауынан пайда болатынын білу қажет.Көбіне жанғыш материал толық жанбастан түтін шығатын мұржаны жауып тастағаннан улы газ тарап, адамдар уланады. Толық жанбаған көмір өте қауіпті, өйткені ол өзінен көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Улы газдың түсі де иісі де жоқ, қаза болған адам оны сезбей кетеді. Оған қоса газ ауамен араласып өзінің улағыш қасиетін жоғалтпаған күйі тез тарайды.Улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газбен улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды.
Улы газдан улану кезіндегі көмек
Мұндай жағдайда зардап шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Және де әрине «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.
Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамал немесе дәке арқылы тыныс алу керек.
Улы газдан уланудың алдын алу
Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, улану орын алуда. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталауға тура келеді:
- тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
- пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз.
- автокөлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.
Құрметті азаматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған жағдайда, Сіз тұншықтырғыш газбен уланудың құрбаны болмауына әкеледі.
Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі