
2021 жылдың 22 ақпанында Ұлан ауданының ТЖБ және "ӨСжАҚЖҚ" ММ 34-ӨСБ жеке құрамымен "Нұр-Отан" партиясы аудандық филиалының төрағасы Д. Мусиннің қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Әңгіме барысында партия Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту жөніндегі заңнамамен таныстырып, егжей-тегжейлі түсіндірді. Атап айтқанда, басшылардың қол астындағылар сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапқа тартылатыны, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына сыйлықтар алуға толық тыйым салынатындығы, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамын кеңейту, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті қатаңдату шаралары туралы айтылды. Барлық қатысушыларды адалдыққа, ҚР азаматтары мен мемлекет мүддесі үшін қызмет етуге, ұжымдардағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.
Ұлан ауданының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Кадирбеков