«Өлең деген тумайды жайшылықта...» атты М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған аудандық жыр мүшәйрасы

«Өлең деген тумайды жайшылықта...» атты М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған аудандық жыр мүшәйрасы

2021 жылдың 9 ақпанында «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Өлең деген тумайды жайшылықта ..» атты  онлайн түрде аудандық жазба ақындар жыр мүшәйрасын өткізді.  Мүшәйраға  әр аулдық округтан  17 мен 40 жас арлағында 13 үміткер, М.Мақатаевқа арнаған қаламгерлік шеберін таныта алатын бір өлең, еркін тақырыптағы бір өлеңдерімен қатысты Үміткерлердің өлеңдерін ережеге сай сарапқа салып қортындылаған қазылар алқасының құрамында Облыстық «Дидар» газетінің тілшісі, ақын Қызырбек Дүргінбайұлы, «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Әлбеков Мейіржан Қанатбекұлы, Ұлан ауданының бас ақыны, әнші Нұртай Тілеужан, Ұлан ауданы, балалар шығармашылығы үйіндегі «Жас қаламгер» ақындар үйірмесінің жетекшісі Құмар Зиятхан, «Дарын» МКҚК мәдени шара ұйымдастырушысы Толқын Мажитқызы болды. Қазылар алқасы өлеңнің жүйелілігі мен тереңдігін, тілдің тазалығы мен ерекшелігіне қарай отырып, төмендегідей жеңімпаздарды анықтады:

Бас жүлде - Бекболат Марқұлан          (Ұлан ауылы)

1-орын       Төлеубек Шұғыла             (Тарғын ауылы )

2-орын       Айланышұлы Серікжан   (Жанұзақ ауылы)

3-орын       Кумат Нурила                    (Бозанбай  ауылы)

Мүшәйраның арнайы жүлдесіне Бозанбай аулынан Башай Таңжарық  және Сартовка ауылынан Ержан Таңсықбаев  ие болды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Дарын» МКҚК