2021 жылғы 15 қаңтардағы Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың  «Antikor Live»  жобасы аясында тікелей эфир өткізіледі

2021 жылғы 15 қаңтардағы Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың  «Antikor Live»  жобасы аясында тікелей эфир өткізіледі

БАСПАСӨЗ – МӘЛІМДЕМЕСІ

Күні: 15 қаңтар 2021 жыл
Уақыты: 11.00
Мекен жайы: Өскемен қаласы
Лихарев көшесі 2 үй

2021 жылғы 15 қаңтардағы Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың  «Antikor Live»  жобасы аясында тікелей эфир өткізіледі.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары өткен және биылғы жылы қарқынды дамыған еліміздің, оның ішінде Ұлан аудынының да жақсы жетістіктерге жетуіне, алға қойған міндеттерді оң нәтижемен орындауға мүмкіндіктер берді. Аудандағы саясат мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көрсетілген және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауындағы басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталды.

«Шығыс адалдық алаңы» жобасы аясында, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі.Ұлан ауданының 2020 жылы ауданның даму бюджеті 2019 жылмен салыстырғанда 61% -ға өсті.

ҚР Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында «Open space» форматында сервистік әкімдік ашылды. Келуші азаматтар  мемлекеттік қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша алуы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді. Сервистік әкімдіктің ашылуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың жарқын мысалы болып табылады.

Ұлан ауданы бойынша 26 тікелей эфир өткізілді және 63 азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Жалпы 2020 жылға аудан бюджетінің шығыс бөлігі 13,7 млрд. теңгеге немесе 99,8% - ға орындалды. Үнемделген қаржы 25,4 млн. теңгені құрады.

"Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 4,0 млн.теңгеге келісім-шарт жасалды.

2020 жылдың 01 қаңтарынан 2020 жылдың 29 желтоқсанына дейінгі кезеңде Ұлан ауданының ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылу фактілері болған жоқ.

2020 жылғы Ұлан ауданы бойынша барлық 11 жергілікті атқарушы органдар және 16 ауылдық округтер жалпы сома 13,8 млрд. теңгеге өз бюджеттерін порталға енгізді.

Қосымша ақпарат алу үшін «Ұлан ауданының ішкі саясат дамыту бөлімі» ММ 8/72338/28-049  және 8/72338/27-155 байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады.