Жетінші шақырылымдағы Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы туралы хабарлама

Жетінші шақырылымдағы Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы туралы хабарлама

2021 жылңы 10 қаңтарда біртұтас сайлау округінің аумағында Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Ұлан ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 24021 азамат енгізілді, соның ішінде сайлау бюллетеньдерін 21785 адам немесе 90,69 пайыз алды.

Дауыс беруге 21785 адам қатысты, соның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер - 35, дауыс беру үй-жайларынан тыс дауыс бергендер – 1147.

Сайлауға төрт саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партияларға келесі дауыстар берілді:

Ұлан ауданы бойынша

Қазақстан Халық партиясы - 8,0 пайыз,  дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың санынан;

«NurOtan» партиясы - 84,1 пайыз,  дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың санынан;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,9 пайыз, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың санынан;

«ADAL» саяси партиясы - 0,0 пайыз,  дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың санынан;

  1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан жеті және одан да көп пайыз сайлаушылар дауысын жинаған саяси партиялар бекітілсін:

- Қазақстан Халық партиясы – 8,0 пайыз;

- «NurOtan» партиясы –84,1 пайыз;

- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы –7,9 пайыз.

  1. Саяси партиялар үшін келесі депутаттық мандаттар бекітілсін:

- Қазақстан Халық партиясы – 1 мандат;

- «NurOtan» партиясы – 10 мандат;

- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1 мандат.

Ұлан ауданының аумақтық сайлау комиссиясы