Құрметті Ұлан ауданының тұрғындары! Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстан Республикасында 2018 жылдың қаңтар айының 1-нен  енгізілді

Құрметті Ұлан ауданының тұрғындары!  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстан Республикасында 2018 жылдың қаңтар айының 1-нен  енгізілді

Құрметті Ұлан ауданының тұрғындары!

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстан Республикасында 2018 жылдың қаңтар айының 1-нен  енгізілді.

МӘМС Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған азаматтарына, жынысы, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының қаражаты есебінен  медициналық және емдік көмекке тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасындағы  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңы халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарын қорғауды көздейді,  оған 28 баптың 4-тармағына сәйкес жатады:

  • балалар;
  • жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
  • бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
  • бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  • мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
  • зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
  • тергеу изоляторларындағы адамдар;
  • жұмыс істемейтін оралмандар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • мүгедектер;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
  • бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер.

Әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне өздерінің ведомствалық медициналық мекемелерінде қызмет көрсетіледі, ал басқа жағдайларда мед. сақтандыру мемлекетпен өтеледі.  

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілді.

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) - бұл оңайтылған салық нысаны өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарға бейресми жұмыспен қамтылған, зансыз болып табылмайтын кез келген қызметті тіркеуге мүмкіндік береді.

Былай айтқанда, бұл адамдар өзін-өзіне немесе жалдамалы түрде жұмыс жасайтын еңбек шартсызнемесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген.   Бұл санатқа қосалқы шаруашылығында малы бар, ресми тіркеусіз тасымалдауды жасаған таксистер,ауыл шаруашылық өнімдерді сататын, бау-бақшадағы жеміс-жидектерді сататын, жеке тұлғаларға жалдамалы түрде қызмет көрсететін адамдар жатады.

БЖТ-өзінді жеке кәсіпкер ретінде ресми түрде тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін ешқандай есеп және құжат дайындау қажет емес.

БЖТ төлемі келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

Бірінші: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуге және медициналық қызметтерге қолжетімді мөлшерде және ОМС ақпаратынан кейін медициналық мекемені таңдау құқығы бар.

Екінші: БЖТ төлеушілерге арналған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақталған зейнетақы қаражатын толтырудан басқа жинақ қоры жүйесіне еңбек өтілінсіз  кіріп, базалық зейнетақы алуға  болады.

Үшінші: мүгедектігі, жұмысынан айырылуы, жүктілік пен босану, баланы асырап алу, бала күтімі жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алу.

Төлемдердің артықшылықтарынынан әлі де болса  табыстары расталғандықтан азаматтардың  әлеуетті беделін арттырады, яғни сіз банктің  несиесін рәсімдей аласыз, ол сіздің төлем қабілетіңізді тұрақтандырып отырады.

Бірыңғай жиынтық төлемді жоспарланған айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Төлеушілердің төлеуіне жататын бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері:

Қала тұрғындарына 1-еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерін (2917 тенге) және ауыл тұрғындарына 0,5-еселенген айлық есептік көрсеткіш (1458 теңге 50 тиын)  мөлшерін, тұрақты мекенжайы тіркеуіне сәйкес құрайды.

Төлеушілер бірыңғай жиынтық төлемге салық есепті тапсырмайды.

Бірыңғай жиынтық төлем тапсырмалары мынадай мөлшерде:

  • 10%, мемлекеттік кіріс органдарға төлеушінің жергілікті тұрақты тіркелген жері бойынша жеке табыс салығы түрінде;
  • 20%, МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түрінде ;
  • 30 % міндетті зейнетақы жарналары түрінде БЖЗҚ-ға;
  • 40% міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар түрінде ӘМСҚ-ға аударады.